2021-2022 оқу жылындағы тегін ыстық тамақты ұйымдастыру » Шырын орта мектебі
1
2
3
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778)59-5-97
Есепші бөлімі:
+7(72778)59-5-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2021-2022 оқу жылындағы тегін ыстық тамақты ұйымдастыру
17
январь
2022

2021-2022 оқу жылындағы тегін ыстық тамақты ұйымдастыру


             Мектеп директорының қаңтар айындағы шығарылған бұйрығын басшылыққа ала отырып ,  Мектеп асханасында 2022 жылдың 17 қаңтар күнінен бастап жалға алушының есебінен 8 оқушыға, ЖБМББ қорынан 50 оқушыға барлығы 58 оқушыға ыстық тамақты мөлшерімен санитарлық талапқа сай беру Г.Тохтахуноваға келісім шарт бойынша міндеттелетін болады.

    Мектеп медбикесі Г.Мерсимова ас мәзірінің балалардың денсаулығына пайдалы санитарлық –гигиеналық талапқа сай және сертификаты бар тағамдардың болуын қадағалау жүктелді.

     Пандемия уақытында балалардың денсаулығы және дұрыс тамақтануы басты назарда тұр. Біздің мектебімізге ЖБМББ қорынан қаражат бөлініп отыр. Сондықтан да бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуын қадағалап отыру үшін комиссия мүшелері   және кезекші мұғалімдер тізімі құрылды.

      Қазақстан Руспубликасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысында бекітілген Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан , сондай –ақ мемлекеттік атаулы көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылар мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, басқа отбасыларда тұратын балаларға , төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын басшылыққа ала отырып ,тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін оқушылар   тізімімен қамқоршылық кеңесте таныстырылды. 

6-10жас аралығындағы оқушыларға күніне -400 теңгелік 11 жастан жоғары балаларға 500теңгелік тамақ беріледі.