"Қазақстан балалары-көктем шақырады!" » Шырын орта мектебі
1
2
3
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778)59-5-97
Есепші бөлімі:
+7(72778)59-5-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Қазақстан балалары-көктем шақырады!"
15
апрель
2021

"Қазақстан балалары-көктем шақырады!"

  Мақсаты:Каникул кезінде оқушылардың пайдалы және белсенді қызметін ұйымдастыру жүйесін дамыту және жетілдіру.   

 "Алматы облысы білім басқармасының Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шырын орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2021 жылғы 20 наурыздан 31 наурыз аралығында "Қазақстан балалары-көктем шақырады!" көктемгі каникул кезінде оқушылардың сапалы және қауіпсіз демалысын ұйымдастыру бойынша жоспар түзілді.
       Жоспар негізінде 20 наурыз күні "Көркемсөз оқу шеберлері" онлайн байқауы өткізілді.
       Байқау шарттары бойынша жоғары ұпай жинаған оқушылар келесі кезеңге жіберіледі. Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың өнерін бағалау кезінде олардың көркем мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, мәтінді таңдау талғамына баса назар аударады.
 Байқау нәтижесінде І орынға 6ә сынып оқушысы Хуршидов Ислам, ІІ орынға 7б сынып оқушысы Хамраева Гулнисәм, ІІІ орынға 5ә сынып оқушысы Амирдинова Дилхумарлар ие болып, видеолар әлеуметтік желілерге жүктелді. 

       Байқаудың жеңімпазы мен жүлделі бірінші, екінші және үшінші орындарды иеленгендерге тиісті дәрежедегі мақтау қағаздары тапсырылады. Жүлделі орындарға ие болмаған қатысушыларға алғыс хаттар беріледі. 

                              
      «Ұлттық тағамдар күніне» орай «Ұлттық тағамдар фестивалі» өткізілді. Фестивальға 1-4 сынып оқушылары ата-аналарымен қатысты.  Фестиваль Қазақстан халықтарының дәстүрлі тағамдарымен таныстыру, ұлттық дәстүрлерге деген сүйіспеншілік пен  құрметке тәрбиелеу мақсатында жүргізілді.
      Көп ұлтты Қазақстанның асханасында ұқсас тағамдар аз емес, бірақ әрбір ұлттың өзіндік ерекшелігі сақталады.
     Фестивальға қатысушылардың тағамдары  ұлттың дәстүрі мен мәдениетін көрсетуші құрал болып табылады.


                           
       28 наурыз күні «Жақсылық еккен алғыс орады» тақырыбында 5-7 сынып оқушылары арасында құстарға ұя жасап, қамқорлық көрсетілді. 
      Аталған шараның мақсаты: оқушыларды мейірімділікке, табиғатты аялай білуге үйрету, құстарға көмек беру, игі іс жасау. Оқушылар өз қолдарымен құстардың ұясын жасап, оны ағаштарға іліп, құстарға мейірімділік танытты.
      Құс ұясын жасау – құстарға қомқоршы болып оларға қолайлы жағдай жасау үлкен сауап және табиғат анаға деген оқушылардың қамқорлығы үлкен тәрбиенің басы. 
      Оқушылардың игі істері болашақта да жалғасын табатына сенім білдіреміз.




 
 

Похожие публикации:

12 март 2021 ҚА-2021 11 сынып