1 наурыз алғыс айту күні » Шырын орта мектебі
1
2
3
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778)59-5-97
Есепші бөлімі:
+7(72778)59-5-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 наурыз алғыс айту күні
01
март
2022

1 наурыз алғыс айту күні

      Елімізде    1 наурыз - «Алғыс айту күні» болып 2016 жылдан бастап атап өтілуде. 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының тұғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде «Алғыс айту күні» деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойған болатын.

Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған тұңғыш Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.

     «Шырын орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 01.02.2021 күні 1-наурыз алғыс айту күніне орай «Алтын жүрек» тақырыбында іс-шара өткізілді. 10,9,7,4,2 сынып оқушылларының  Қазақ халқына деген ризашылығын өнерлерімен ән шырқап, би билеп өлеңдер оқып, видеоролик жасап жеткізді. Іс-шара соңында мектеп директоры С.М.Хапизова сөз беріліп өзінің алғысын жеткізді.