Қамқоршылық кеңесінің отырысы » Шырын орта мектебі
1
2
3
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778)59-5-97
Есепші бөлімі:
+7(72778)59-5-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қамқоршылық кеңесінің отырысы
13
сентябрь
2021

Қамқоршылық кеңесінің отырысы

«Атматы облысы білім басқармасының Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шырын  орта  мектебі   мектепке   дейінгі  шағын   орталығымен»  коммуналдық  мемлекеттік   мекемесі. Қамқоршылық   кеңесінің  отырысы

13 қыркүйек  2021 жыл

Хаттама  

Қатысушылар: 

С.М.Хапизова-мектеп   директоры  

Ж.Жунисова- директордың   тәрбие  ісі жөніндегі орынбасары

 О. Шавдинова-әлеуметтік-педаг

Н. Ильясов-Кеңес   төрағасы  және кеңес мүшелері

Күн  тәртібінде:


1. Кеңестің 2021-2022 оқу жылындағы  жылдық жоспарын жасау, бекіту. 

2. Әлеуметтік жағдайы жағынан қорғалатын балалардың әл-ауқатын анықтау, көмек беру 

3. Білім беру қызметінің сапасы

Тыңдалды:

      Мәселе бойынша директордың тәрбие ісі – жөніндегі орынбасары  сөз Ж. Жунисова   алды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017жылғы 22 қазандағы №501 бұйрығы, ҚР «Білім туралы » Заңы  44 - бабының    9 – тармағына сәйкес Қамқоршылық қызметінің және оны сайлау тәртібінің  үлгілік ережелерін бекіту  туралы бұйрығын іске асыру мақсатында мектебімізде  «Қамқоршылық кеңесі» ата – аналар тарапынан құрылды. Қамқоршылық кеңес білім беру мекемелері бюджеттен тыс    қаржыландыруға  көмектесу   үшін  құрылған  демеушілердің   еркін  бірлестігі  болып табылады. Демеушілердің жалпы жиналысының шешімі бойынша және коммерциялық емес ұйымдар туралы заңдылықты сақтай отырып, қамқоршылық кеңесі заңды тұлғалық коммерциялық емес ұйым ретінде тіркеледі. Қамқоршылық  кеңесі демеушілердің  біріккен қорының  қаржысы   мен  мүлкін  пайдалану   жөніндегі  шешім  қабылдау   арқылы  қатыса  алады.   Сондай-ақ  қамқоршылық  кеңес   қызметінің  мақсаты,  ережесі,   атқаратын  жұмысы,  міндеттері   туралы   түсіндіріліп  өтті.  

         Кеңес  төрағасы   болып    Нұрахмет Ильясов  тағайындалды.   Турганова  Нурбуви    хатшысы,    Бахадур Баратов-комиссияның мүшесі, Марупов  Арупжан- комиссияның мүшесі,   Рустем Итахунов- комиссияның мүшесі,  Турсунова Шадиям- комиссияның мүшесі,  Худайбердиева   Тәләйхан- комиссияның мүшесі, Масимов Махсим-комиссияның мүшесі, Тегесбаев Нурдаулет- комиссияның мүшесі   болып  сайланды. Кеңестің  жылдық жоспары бекітілді.

2. Мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Г.Толаева сөз алды. Отбасы тәрбиесінің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, білімді азаматты тәрбиелеу. Бала да жас терек сияқты, қалай тәрбиелесең, жастан қандай тәрбие берсең, ертең есейгенде жас кезіндегі алған тәрбисі өміріне негіз болмақ. Ата-ана бала қауіпсіздігін сақтауды ең бірінші орынға қою керектігін айтып, осы мәселелер бойынша түрлі сауалнамалар алынды.

     Сөз алды «Қамқоршылық» кеңесінің хатшысы  Н. Турганова.  «Қамқоршылық» кеңесі мен мектеп ұжымының бірлесіп атқарған жұмысы туралы айтып өтті.

      "Алматы облысы білім басқармасының Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің  «Шырын орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2021-2022 жылы 5 шілде- 30қыркүйек  аралығында Республикалық  «Мектепке жол» акциясы өтілді.Мұғалімдер және ата- аналар қамқорлық кеңесінің мүшелері бірлікте оқушылыарды мектепке тарту жұмыстары бойынша ауыл ішінде  15 рейд жүргізілді.Рейдке мектеп директоры,мектеп әкімшілігі,10 мұғалім,12 ата-ана комитеті, қамқоршылық кеңесінің мүшелері қатысты. Рейд барысында мектепке бару мүмкіндігі жоқ оқушылыр аңықталмады. Барлық ата –аналар балаларын мектепке шамасы келгенше  дайын екендігі тұралы  мәлімет берді. Дегеніменде  аздаған қиыншылық көріп отырған 3 отбасына көмек беру керектігі анықталды.

Ауыл ішінде жиналыстар өтіліп «Мектепке жол» акциясы тұралы ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді.

     Акцияның ашылуын  үлгі ретінде мектеп директоры С.М.Хапизова мен бірлестікте мектеп ұжымы 31 оқушыға 264 000 тг қаржы жұмсалып  0ажетт3 заттармен / мектеп формалары,спорт киімдері,спорттық аяқ киімдермен / қамтамассыз етілді. 

   ТОО «Бахус» төрағасы Рустам Баратұлы  200 000 тг қаражатымен  күн көрісі төмен  3 отбасына және 16 оқушыны спортық аяқ киім және спорт киімдермен қамтамассыз етті.

«Мектепке жол» акциясы бойынша «Жүректен жүрекке» ұранымен Шырын орта мектебінде мектеп ұжымы және ауыл тұрғыны У.Усенов   төмендегі әлеуметтік мәртебесі бар оқушыларға демеушілік жасап,  көмек көрсетті.

1.Заитова Ю 1а- сынып күн /көрісі төмен отбасы/ мектеп сумкасы, конц товар

2. Абдекеримова Тахмина /көп балалы/  мектеп сумкасы, конц товар

3.Хожаш Мадина /толық емес/ аяқ киім

4.Абдекеримов Абдусалем / көп балалы/ конц. товар

5. Меязов Худаберди/ААҚҚ/ конц. товар, мектеп жиделері

6. Гопуров Алияр /ешқандай категория жатпайды/ мектеп формасы

7.Шавдинова Зулхумар/ толық емес Ф4/ конц.товар

8.Момунов Умутжан /мүмкіндігі шектеулі/ конц.товар, мектеп шалбары.

     3. Мәселе бойынша В.Аваков білім беру қызметінің сапасына тоқталып, білім  сапасының оқытылу деңгейі қанағаттанарлық екенін айтты. Білім сапасын арттыру   мақсатында әр тоқсан  сайын сыныптардан сараптама жұмыстары алынып, салыстырмалы түрде бағаланды.

Шешім:

 1. Қамқорлық кеңесінің жұмысы жүйелі түрде жүргізілсін.

2.   Балалардың  әлеуметтік  жағдайы үздіксіз бақылауда болсын.

3. Білім сапасы «қанағаттанарлық» деп саналсын.


Мектеп  директоры:                                                                     С.М.Хапизова  

 Әлеуметтік педагог:                                                                    О. Шавдинова

Директордың   тәрбие  ісі жөніндегі орынбасары:                            Ж.Жунисова  

 «Қамқоршылық» кеңесінің төрағасы:                                             Н. Ильясов

Кеңес хатшысы:                                                                           Н.Турганова