тік Тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмыс туралы анықтама » Средняя школа Шырын
1
2
3
отдела образования Уйгурского района
Приемная
+7(72778)59-5-97
Бухгалтерия
+7(72778)59-5-97
Версия для
слабовидящих
» » Тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмыс туралы анықтама
06
сентябрь
2024

Тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмыс туралы анықтама

1. Оқушылардың тегін сапалы ыстық тамақпен қамтылуы туралы.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты жұмсау ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы №64 Қаулысын басшылыққа алынып бірқатар жұмыстар орындалуда. Мектебіміздегі әлеуметтік көмек алуға құқығы бар білім алушылар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған отбасы балаларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі ұйымдастырылуда. Мектепішілік бұйрық негізінде ЖБМББ қорынан аз қамтылған отбасылардан шыққан 9 оқушы, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 1 оқушы   500 теңгелік ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.  

ҚР Президентінің 2022 жылғы 2 жарлығы бойынша  мектепішілік бұйрық негізінде , 2-қыркүйектен бастап 1-4 сыныптар түгел тегін ыстық тамақпен қамтылды. Жалпы 101 оқушы. 

Асханада 1 аспаз, 1 аспаздың көмекшісі, 1 ыдыс-еден жуушы жұмыс істейді.

Мектеп медбикесі Г.Мерсимова ас мәзірінің балалардың денсаулығына пайдалы санитарлық-гигиеналық талапқа сай және сертификаты бар тағамдардың болуын күнделікті қадағалап отырады.  

Кезекші әкімшілік оқушылардың өз уақытында ыстық тамақпен қамытылуын қадағалайды. Жалпы асхананың санитарлық жағдайы аспаздардың сыртқы киім үлгісі, санитарлық талапқа сай.Ыдыстармен қамтылуы және ыдыс жуатын бөлменің жай –күйі: ыдыстар жеткілікті, ыдыс жуатын бөлме таза,ыдыстардың беті жабық тұрады. Ас мәзірі,сыныптардың тамақтану кестесі бар.