2021-2022 оқу жылындағы тегін ыстық тамақты ұйымдастыру
Мектеп директорының қаңтар айындағы шығарылған бұйрығын басшылыққа ала отырып , 5 қаңтар 2022 жылдан бастап 18 наурыз 2022 жылға дейін жалпыға бірдей білім беру қорыннан оқушыларды тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етуге 945 400 (тоғыз жүз қырық бес мың төрт жүз) теңге жұмсалды. Мектеп асханасында жалға алушының есебінен 8 оқушыға, ЖБМББ қорынан 50 оқушыға барлығы 58 оқушыға ыстық тамақты мөлшерімен санитарлық талапқа сай беру Г.Тохтахуноваға келісім шарт бойынша міндеттеліп келеді.
Мектеп медбикесі Г.Мерсимова ас мәзірінің балалардың денсаулығына пайдалы санитарлық –гигиеналық талапқа сай және сертификаты бар тағамдардың болуын қадағалап жатыр.
6-10жас аралығындағы оқушыларға күніне -400 теңгелік 11 жастан жоғары балаларға 500теңгелік тамақ беріліп жатыр. Тамақ білім бөлімінің бекіткен перспективті меню негізінде , әр күн сайын өз уақытында беріледі. Ыстық тамақтың есебі әр ай сайын білім бөліміне өткізіледі.